Атырау, 29 қараша 01:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ким Чен Ын Қытайға сапарлап барды

1 816 просмотра


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен осы елге сапарлап барды. Ким Чен Ынның алдын ала жарияланбаған сапары туралы 7 қаңтар күні кешке қытайлық және солтүстіккореялық ресми БАҚ хабарлады.

Америкалық сарапшылары Ким Чен Ын Қытайға АҚШ президенті Дональд Трамппен ықтимал кездесуі қарсаңында Пхеньян мен Пекиннің іс-қимылын үйлестіріп алу мақсатымен бара жатыр деп болжайды. Дональд Трамп өткен аптада Ким Чен Ыннан хат алғанын, ал 6 қаңтар күні АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының ықтимал кездесуі өтетін орынды талқылап жатқанын хабарлаған. Трамп "Екі жақ та кездесуді қалап отыр. Бұдан не шығатынын көреміз" деген.

Ким Чен Ын былтыр Пекинге үш рет, оның ішінде шілдеде Сингапурде АҚШ-Солтүстік Корея басшыларының саммиті қарсаңында және одан кейін барған. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын ол саммитте Корей түбегін ядролық қарудан толық арылтуға дайын екендерін мәлімдеген. Алайда, бұл бағытта әлі ешқандай қадам жасалған жоқ.

Дереккөз: azattyq.org

8 қаңтар 2019, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.