Мемлекеттік станцияны басып алған Габон мемлекетінің республикалық гвардиясының сарбаздары қолға түсті. Билік өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат ru.euronews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш портал таратқан ақпарат бойынша, бас көтерушілер қазан айынан бері Мароккода емделіп жатқан ел президенті Али бен Бонго Ондимбоға қарсы бас көтеруге шақырған. Габон тұрғындары мемлекет басшысын ол емделуге кеткелі алғаш рет 31 желтоқсанда теледидардан көрген.
Али Бонго ел халқына деген құттықтауын Мароккодан жолдаған. Бас көтеруші әскерилер президенттің бұл қылығын шектен шыққан немқұрайлылыққа бағалап, елге қорған болмақ еді. Али Бонго Габонды 2009 жылдан бері басқарып келеді. Ол о дүниелік болғанша, яғни елді 42 жыл басқарған әкесінің орнына келген.
Али Бонго 2016 жылы мемлекет басшылығына екінші қайтара сайланған кезде оппозиция өкілдері «билік жалған сайлау өткізді» деп қарсылық білдірді.
Дереккөз: inform.kz