Малайзия Жоғары билеушісі (королі) Мухаммад V тақтан бас тартты. Бұл туралы жексенбі күні корольдік сарай таратқан хабарда айтылған, деп жазады ТАСС.
«Король барлық талаптарды сақтай отырып тақтан бас тартқаны туралы ресми хат жолдады», - делінген хабарламада.
Жоғары билеуші, сондай-ақ, өзін сайлаған Билеушілер кеңесіне (мұрагер сұлтандар) алғыс айтқан. Оның не себепті тақтан бас тартқаны туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, ол 2016 жылы сәуірде Билеушілер кеңесінің (мұрагер сұлтандар) 9 мүшесі құпия түрде дауыс беруі арқылы 5 жылға сайланған. Мухаммад V 1969 жылы өмірге келген. Келантан штатының сұлтаны, Ұлыбританияда дипломатиялық білім алған.
Дереккөз: inform.kz