Атырау, 29 қараша 01:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Сирияда террористер 13 елді мекенді басып алды

2 593 просмотра


«Джебхат ан-Нусра» ұйымының содырлары түрік мемлекетін жақтайтын қарулы топтармен шайқасып, ақыры Сирияның солтүстігіндегі Дарет-аль-Изза қаласын басып алды.  

Аль-Маядин арнасының хабарлауынша, 13 елді мекен содырлардың қарауына өтті. Осылайша Анкараның қолдауына ие «Ахрар аш-Шам» мен «Нуреддин аз-Зенги бригадасының» әскерилері аталған жерлерден ығыстырылды. Жалпы содырлар мен сириялық оппозицияны қолдайтын жасақтардың арасындағы қақтығыстар былтырғы жылдың қазан айында басталды.  

«Джебхат ан-Нусра» содырлары Анкараның қарусыз аймақтан өз әскерін шығару жөніндегі шартына көнбеді. 

Естеріңізге салсақ, әскери қарусыз аймақ Идлиб пен онымен шектесетін Алеппо, Латакия мен Хама аудандарында құрылуы тиіс болатын. Қазіргі таңда содырлар Сирияның солтүстік-батысында Түркиямен шекараласатын аймақтың 60 процентін өз қарауында ұстап отыр.

Дереккөз: 24.kz

3 қаңтар 2019, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.