Атырау, 25 қараша 10:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы бас шырша: «омыраудан» «погонға» дейін

Сурет
5 398 просмотра

Атырауда Жаңа жылдың жасыл символы – бас шыршаның дизайны үнемі өзгеріп тұрады. «АЖ» тілшісі соңғы бірнеше жыл ішіндегі осы өзгерістерді бақылаған еді.

ШЫРША- 2013

18 метрлік шырша қарапайым, тікенекті шыршаны еске түсіретін жасанды тығыз мишуралармен көмкерілген, конус тәрізді темір құрылымнан жасалған. Шырша түрлі-түсті шарлармен, сондай-ақ, ұшар басындағы қызыл жұлдызбен безендірілді. Түнгі уақытта түрлі түсті гирляндтармен жарқырап тұратын.

Айтпақшы, 2013 жылғы шырша жаңа жыл түні емес, 20 желтоқсанда қызғылт сары түсті маман киімін киген адам наразылық белгісі ретінде шыршаға өрмелеп шыққан кезде қала тұрғындарының қызығушылығын туғызған еді. Ол қаланы Жаңа жылмен жабдықтаумен айналысатын кәсіпорынның екі айлық бережақ жалақысын төлеуін талап еткен. Кәсіпорын директоры бұл адамды бірінші рет көріп тұрғанын, ондай адамның жұмыс жасамайтынын айтып, та-тонын ала қашты. Кейінірек әлгі жігіт үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

ШЫРША-2014

Алдыңғы шыршадан тек бірер метрге биік болғаны болмаса, айырмашылығы аз еді.

Бір қызығы, 2014 жылы қала тұрғындары «АЖ» сайтындағы комментарийлерінде Атырауды жаңажылдық безендіруге, олардың пікірінше, өте көп қаржы жұмсалады деп наразылық білдіре бастады. Сол жылы 40 миллион теңге бөлінген, бірақ олар, мысалы, 2017 жылы бұл көрсеткіштің екі есеге көбейетінін білмейтін еді.

ШЫРША- 2015

Биіктігі 23 метр, алдыңғысына қарағанда қызыл атлас банттар қосылған. Мұнайлы астананы жаңажылдық безендіру бюджетін «минимализм» деп атауға болады – 23 миллион теңге.

ШЫРША-2016

Бұл шырша халық арасында, анайы сөзіме айып етпеңіздер, «емшек» деген атау алған. Өйткені басынан аяғына дейін үлкен жарты шарлармен әшекейленген. Бірақ «бұрмалаудың қажеті жоқ, креативті дизайн, ешқандай ... емес, Фереро Рошенің кәмпиттері» деген қарама-қайшы пікірлер де болды. Атырауды жаңа жылдық безендіру жұмыстары үшін «Амира» компаниясы 47 миллион теңгені игерді.

ШЫРША-2017

Алғаш рет ұлттық ою-өрнектері бар пластик панельдермен безендірілді. Тағы да жұрт үнсіз қалмай, бұл әшекейді «погон» деп атады. Көпшілігі сөзсіз құрметке лайық, тірі шыршаға көбірек ұқсаңқырайды десті.

Қалай болғанда да, БАҚ-тардың бірі ұйымдастырған Батыс Қазақстанның үздік шыршасы сауалнамасында төрт облыстың арасында Атырау шыршасы ең әдемісі деп аталды.

«Диаскомпани» компаниясы Атыраудың жаңа жылдық безендіру жұмыстарына бөлінген 84 миллион теңгені игерді.

ШЫРША-2018

Биыл Исатай мен Махамбет алаңдарын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты бас шыршаны облыстық әкімдік ғимараты алдындағы Сұлтан Бейбарыс алаңына орнатты. Дизайны өзгермей, қайтадан «погонды» шырша қойылды. Жалпы Атырауды жаңажылдық безендіруге бюджеттен 61 миллион теңге бөлінді. 

Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА

25 желтоқсан 2018, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.