Атырау, 29 қараша 03:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Эммануэль Макрон ереуілдеткендерге ескерту жасады

2 135 просмотра


Құқық бұзушыларға қатаң жаза қолданылады. Франция президенті Эммануэль Макрон тағы да шеруге шығып, қақтығыс ұйымдастырған ереуілшілерге осылай деп ескерту жасады. 

Естеріңізге салайық, осы демалыс күндері Франция көшелерінде 38 мыңға жуық адам қайта наразылық шарасына шықты. Париждің өзінде 1 мың тұрғын ереуілдеткен. Наразы топ полициямен қақтығысқа түсіп, 200-ден астам адам ұсталды. Олардың 81-і қамалған. 

Эммануэль Макрон, Франция президенті: 

- Елдің ішкі істер министрі күні бойы оқиғаның мән-жайын бақылап, маған хабарлап отырды. Құқық бұзушылар заң алдында жауап беруі тиіс. Біздің елге бейбітшілік пен бірлік қажет. 

Қазір «сары жейделілер» Белградтың қақ ортасында ереуіл өткізіп жатыр. Серб астанасының тұрғындары президент Александр Вучичтің саясатына көңілдері толмай, наразылық шарасына шыққан. 

Ереуілшілердің айтуынша, қазіргі билік елде зорлық-зомбылыққа жол беріп, сөз бостандығына шектеу қойып отыр.

Дереккөз: 24.kz

25 желтоқсан 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.