Жергілікті саясаткерлердің мұндай бастама көтеруіне жазғы маусымның қорытындысы сеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үш айдың ішінде елге 5 жарым миллион турист келген. Жалпы соңғы үш жылда Болгарияға саяхаттаушылардың саны 31% артыпты. Мемлекет басшысы, сыртқы істер және туризм министрлігі осы көрсеткішті сақтап қалуды көздеп отыр. Осы орайда электронды виза алу жүйесі туристердің Болгарияға деген қызығушылығын күшейте түспек.
Лора Пейчева, туристтік агенттіктің менеджері:
- Электронды виза алу демалушылар мен туристік агенттік қызметкерлерінің уақытын үнемдейді. Сондай-ақ Болгарияға келушілердің саны көбейеді. Қара теңіз бен ежелгі қалалар қашанда туристер үшін қызық дүние ғой. Сол себепті электронды жүйе туризм саласының әлеуетін арттырғалы тұр.
Дереккөз: 24.kz/