Атырау, 29 қараша 03:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ үкіметінің жұмысы бірнеше күн тоқтауы мүмкін

2 248 просмотра


АҚШ үкіметі жұмысының ішінара жабылуы ("шатдаун") аз дегенде 27 желтоқсанға дейін, тіпті бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Бұл туралы "Америка дауысы" радиосы хабарлады. АҚШ президенті Дональд Трамп конгресс Мексикамен шекарада қабырға тұрғызуға қаржы бөлуді талап етеді, ал демократтар бұны орындаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Трамп Twitter-дегі парақшасында "Есірткі саудасы мен адам саудасын тоқтатып, қылмыстық элементтердің елге енуіне жол бермеудің жалғыз жолы - қабырға тұрғызу" деп жазды. Президент қабырға тұрғызуды және оның құрылысына қосымша 5 миллиард доллар бөлуді талап етеді. Демократтар Мексикамен шекарада қабырға тұрғызуды "орта ғасырлық тәсіл" деп қолдамайды.

Қазір үкімет жұмысын қайта бастау жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың басында демократтар АҚШ-қа бала кезінде келген заңсыз иммигранттарды қорғаған жағдайда шекарада қабырға тұрғызуға келіскен еді. Трамп әуелде бұл келісімді қолдағанымен, кейін айнып қалған.

Соңғы бес жылда Конгресс пен Ақ үй осымен екінші рет федералдық үкіметке қанша және қандай мақсатқа қаржы бөлу мәселесінде келісімге келе алмай, бюджет уақытында қабылданбай отыр. Осының салдарынан 22 желтоқсанда үкімет жұмысы ішінара тоқтаған. Үкіметті қаржыландыру туралы келісім сенаттың 27 желтоқсанға белгіленген сессиясында талқыланады.

Дереккөз: azattyq.org

24 желтоқсан 2018, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.