АҚШ президенті Дональд Трамп: «Режеп Тайып Ердоған «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымынның көзін жояды» - деп мәлімдеді.
Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасына: «Түркия президенті Ердоған маған Сүрияда қалған «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының қалдықтарын толығымен жоятынын айтты. Ол бұны істей алатын адам. Оның үстіне Түркия Сүрияға көрші отырған мемлекет. Ал, біздің сарбаздарымыз елге оралады» - деп жазды.
Естеріңізге салайық, 19 желтоқсан күні Дональд Трамп Сүриядан АҚШ әскерін шығаратынын мәлімдеген. Оның бұл шешіміне АҚШ одақтастары мен Пентагон басшысы Жеймс Мэттис келіспейтіндігін айтқан. Бірақ Трамп өз шешімінде қалған.
Дереккөз: "The Qazaq Times"