Бірінші қаңтардан бастап Пентагон басшысы міндетін атқаруға Патрик Шанахан тағайындалды.
Ол Дональд Трамппен келіспеушілікке байланысты отставкаға кеткен Джеймс Меттистің орнын алмастырады. Айта кетейік, Мэттис АҚШ қорғаныс министрі қызметінен кететінін 20 желтоқсан күні мәлімдеген еді. Ол Дональд Трамптың Сирия аумағынан АҚШ әскерін шығару шешіміне қарсы болған.
Дереккөз: 24.kz