Атырау, 25 қараша 10:14
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда бойжеткен лифт шахтасына құлады

2 626 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

23 желтоқсанда Атырауда 22 жастағы қыз лифт шахтасына құлады.

Бұл оқиға таңғы сағат 6-да Авангард ықшамауданындағы №11 «б» үйдің 9-қабатында болған. Зардап шегуші Атырау облыстық ауруханасының нейротравмотология бөліміне жеткізілді. - Қызға «сол жақ айдаршықтың жарықшақтанған буынішілік жабық сынығы» диагнозы қойылған. Сол жақ санында, белінде және арқасында сыдырылған және қанталаған жарақаттар бар», - деп хабарлады «АЖ»-ға облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Қайрат ХАБИЕВТІҢ айтуынша, оқиға кезінде лифтіде төрт адам болған. Лифт кенеттен тоқтап қалғаннан кейін қыз кабинадан өз бетімен шыққысы келіп, шахтаға құлаған. Оның артынан қыздың дос жігіті шахтаға түсіп, ТЖД құтқарушылары келгенше жанында болған. ТЖ орын алған үй тұрғындарының желтоқсанның басында ПИК-ке лифтінің ақаулығы туралы арызданғаны белгілі. Қазіргі уақытта апат себептері анықталып жатыр.

Атырауда бұл бір жыл ішінде орын алып отырған үшінші оқиға. Мамыр айында Алмагүл ықшамауданында лифт шахтасында екі жасөспірім қаза болды. Қырсық шалған сол ықшамауданда қыркүйек айында лифт үзіліп кетіп, екі адам зардап шеккен еді.

Фархат ӘБІЛОВ

24 желтоқсан 2018, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.