Атырау, 29 қараша 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Марк Цукерберг бір жыл ішінде 20 млрд долларға жуық дәулетінен айырылды

1 775 просмотра


Биылғы жыл Марк Цукербергке ауыр тиді. Блумберг агенттігінің дерегінше, ол жыл басынан бері 19,9 млрд доллар қаражатын жоғалтқан, деп xабарлайды СNBC

Қазіргі таңда оның дәулеті 52,9 миллиард долларды құрап отыр. Цукерберг Блумберг нұсқасы бойынша Миллиардерлер рейтингіндегі ең бай адамдар тізімінде (Boomberg's Billionaires Index) жетінші орында тұр. 

Блумбергтің статистикалық деректері бойынша, Цукербергтің дәулеті жыл басында 72.8 миллиард доллар болған, ол жыл басынан бері соның 27.3% жоғалтқан. Цукерберг 20 миллиард долларынан айырылған, бұл қаржы Tesla бас директоры Илон Масктың дәулетімен бірдей (Блумберг дерегі бойынша, оның байлығы - 23.4 миллиард доллар). 

2018 жылдың 25 шілдесінде Цукербергтің дәулеті 86,5 миллиардқа жеткен болатын. Қазіргі таңда осы жылды шығынмен аяқтап жатқан миллиардерлер аз емес. Мысалы, 20 желтоқсанда Билл Гейтстің қаржысы 1.6 миллиард долларға қысқарған.

Дереккөз: inform.kz

24 желтоқсан 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.