Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында облыстық ақындар айтысы өтті. Қазақ өнерінің жауһары - жыр сайысына қатысушылар өздеріне тән шеберлікпен өңірлік және елдегі түрлі мәселелерді өз шумақтарына қосты.
Әділ қазылар доданың бас жүлдесін және 100 мың теңгені исатайлық Нұрболат НҰҒЫМАНОВҚА, бірінші орынды (70 мың теңге) Қызылқоға ауданының ақыны Әсел ТАУШАНОВАҒА берсе, екінші орынды (50 мың) тағы бір қызылқоғалық Ануарбек САДЫҚОВ иеленді. Ал осы жолдардың авторына үшінші жүлде (30 мың) бұйырды. Қалған қатысушылар 25 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор