"Эйр Астана" әуекомпаниясының Франкфурттан ұшып шыққан ұшағы Атырауға жете алмай, шұғыл түрде Оралға қонды, - деп хабарлайды ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті.
Комитеттің мәліметінше, 21 желтоқсан сағат 22.40-та Франкфурт - Атырау бағытындағы ұшақ қозғалтқыштарының біріндегі ақау туралы хабарлаған. Сағат 23.22-де А321 НЕО әуе кемесі Орал әуежайына қонған.
Лайнер бортында 64 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған. Қазіргі таңда әуекомпания жолаушыларды Орал қонақүйлеріне орналастыру мәселесімен айналысып жатыр. Бұл дерекке қатысты тергеу басталды.