21 желтоқсанда кешке Сұлтан Бейбарыс алаңында жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды.
Шырша шамын Аяз атамен бірге «Шаңырақ» балалар ауылының 9 жасар тәрбиеленушісі Диляра ҮМБЕТОВА жақты. Алаңға жиналған қала тұрғындары үшін Құрманғазы мәдениет сарайының өнерпаздары шағын концерттік бағдарламасын ұсынып, өнер көрсеткен кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етілді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор