Атырау, 29 қараша 03:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Еуроодақта жаңа көліктердің көмірқышқыл бөлу ережесі қатаңдатылады

1 595 просмотра


Тәртіпке сәйкес жаңа көліктер 2030 жылға таман зиянды газды бөлуді 37,5 пайызға дейін төмендетуі тиіс. Еуропалық тұтынушыларды қорғау қоғамы жаңа талапқа қолдау білдірді. 

Алайда неміс көлік шығарушылары бұл межені сынға алды. Олардың айтуынша, жаңа тәртіптің талабы көп. Айта кетейік, бұған дейін Еуроодаққа кіретін елдер мен Еуропарламент осы мәселеге қатысты ортақ шешімге келе алмаған еді. Себебі одақ елдері оның көлемін 35 пайызға дейін қысқартуды ұсынса, Еуропарламент 40 процентке азайтуды қалаған. 

Эрик Йоннаерт, Еуропалық көлік шығарушылар қауымдастығының бас хатшысы:

- Жаңа көліктердің көмірқышқыл газын бөлуіне қатысты жаңа тәртіптің кері әсері басым. Себебі компаниялар электр көліктерін шығаруды жылдамдатады. Салдарынан өндіріс ошақтары өзгертіліп, жұмыс орындары қысқарады.

Дереккөз: 24.kz

20 желтоқсан 2018, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.