Атырау, 29 қараша 03:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​БҰҰ-ның Заңды миграция туралы келісімі жұрттың арасына жік салды

1 321 просмотра


Брюссельдің орталық көшелеріне бес жарым мыңнан астам адам жиналып, Бельгияның көші-қон туралы құжатқа қол қоюына қарсылық білдірді. 

БҰҰ-ның миграциялық үдерістерді реттеу жөніндегі ережесіне Марокконың Марракеш қаласында әлемнің 150-ден астам елі қол қойған еді. 

Сондықтан Бельгиядағы наразылық акциясы «Марракешке қарсы шеру» деп аталып кетті. Оның соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Ашуға булыққан шерушілерді тарқату үшін полиция көз жасаурататын газ бен суатқыштарды қолданды. Тәртіпсіздік кезінде ондаған адам тұтқынға алынды. 

Ал қала орталығының басқа бөлігінде мигранттар көшін реттеу құжатын қолдайтындардың шеруі өтті. Оған мыңнан аса адам қатысқан. Естеріңізге салсақ, БҰҰ әзірлеген ереже Австрия, Венгрия, Италия, Польша мен Чехия елдерінің қолдауына ие болмады. 

Есесіне құжатқа қол қойған Бельгия билігінен береке қашты. Билеуші одақ «Жаңа фламандтық альянсы» үкіметтен кетіп, бірнеше министрдің орыны босап қалған.

Дереккөз: 24.kz

20 желтоқсан 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.