Атырау, 10 қазан 04:29
 дождьВ Атырау +12.4
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​Трамп Гүлнара Кәрімоваға салынған санкциялар мерзімін ұзартты

1 634 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстан «экс-ханшайымы» Гүлнара Кәрімоваға салынған санкциялар мерзімін ұзартты. 

Ақ үй баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, президент Дональд Трамп Өзбекстан экс-президентінің үлкен қызы Гүлнара Кәрімова мен Ресей Бас прокурорының ұлы Артем Чайкаға салынған санкциялар мерзімін тағы бір жылға созуға байланысты жарлыққа қол қойған. 

Жарлықта: «Адам құқығы мен жемқорлық мәселелеріне байланысты заң бұзушылықтардың жиілеуіне байланысты №13818 жарлығының мерзімін тағы бір жылға созуға шешім шығарылды» - делінген. 

2017 жылдың 21 желтоқсанында АҚШ президенті Дональд Трамп Гүлнара Кәрімова, Артем Чайка және Украина арнайы жасағының экс-басшысы Сергей Кусюкқа қарсы санкция салып, ел аумағына кіруге визалық шектеу қойған. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

19 желтоқсан 2018, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.