Берлиннің полиция қызметкерлері Веддинг ауданындағы мешітте тінту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі билік өкілдері 45 жастағы имам Абул Бараадан күдіктеніп отыр. Оған Сириядағы экстремистерді қаржыландыру үшін қаржы жинаумен айналысты деген айып тағылуда. Тінту кезінде имамның компьютері мен смартфоны тәркіленді. Жергілікті БАҚ өкілдерің хабарлауынша операцияға жүзден астап полицей қатысқан.
Карстен Мюллер, Берлин полициясының ресми өкілі:
- Рейд жұмыстары бірнеше мекенжай бойынша жүргізіліп жатыр. Оның қатарында Веддинг ауданы да бар. Бұл прокуратураның бастауымен лаңкестік ұйымдарды қаржыландыру ісі бойынша жүзеге асуда. Тінту жұмыстары әлі бітпеді. Айғақтарды зерттеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: 24.kz