Атырау, 29 қараша 03:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​БҰҰ Бас Ассамблеясында «Із-түзсіз жоғалған тұлғалар» қарары қабылданды

2 191 просмотра


17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Әзербайжан Республикасы ұсынған «Із-түзсіз жоғалған тұлғалар» резолюциясының консенсусы қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап агенттіктің хабарлауынша, 62 мемлекет қарарға тең автор ретінде қосылған. Әзербайжан көтеріп отырған құжаттың басты мақсаты - әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстар жағдайында із-түзсіз жоғалған тұлғалар мәселесіне назар аударуды одан ары жалғастыру. 

Атап өтілгендей, жоғалған адамдардың проблемасы олардың отбасыларына  азап әкелуде және шиеленістерді реттеу бағытындағы күш-жігерлерге кедергі келтіріп отыр.   Резолюцияда мемлекеттерді халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін құрметтеуге және ұстануға, қарулы қақтығыстар кезінде адамдардың жоғалуына жол бермеуге, жоғалған адамдарды іздеп-табуда барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырады. 

Сондай-ақ, резолюция мемлекеттерді қарулы қақтығыстар жағдайында із-түзсіз жоғалған балалар мәселесіне назар аударуға шақырады.

Дереккөз: inform.kz

19 желтоқсан 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.