Атырау, 29 қараша 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​БҰҰ Бас ассамблеясы Қырым бойынша антиресейлік қарарды қабылдады

1 873 просмотра


БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинаның бастамашалығымен қарарды қабылдады, онда Ресей басып алынған Қырым аумағынан әскерін шығаруға шақырылған. Бұл туралы РБК-Украина хабарлады. 

Қарарда украиналық аумақты заңсыз басып алуды тоқтату жайы айтылған. Сонымен қатар, ол Ресей әскерінің Қара және Азау теңізінда көбеюін және кеме қатынасына кедергі келтіруін айыптайды. 

Құжатты 66 ел қолдады, 19 мемлекет қарсы дауыс берді, 72 мемлекет дауыс беруден тартынды. 

Құжатта БҰҰ Бас Ассамблеясының бұл жағдайға қатысты алаңдаушылық танытып отырғаны айтылған. Құжатқа сәйкес, БҰҰ Бас Ассамблеясы "Ресей Федерациясын мұндай әрекеттерді тоқтатуға табандылықпен шақырды".

Дереккөз: tengrinews.kz

19 желтоқсан 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.