Грекия билігі сомасы 110 млн доллар болатын ірі көлемді есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Психотроптық заттар Сириядан шығып, Ливияға бағыт алған жүк кемесінің бортында табылды. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тінту барысында 3 млн каптагон дәрісі мен 6 тоннадан астам гашиш есірткісі табылған. Олар кофе дәмдеуіштерін тасымалдауға арналған контейнерде болған Экипаж мүшелерінің барлығы тұтқындалды. Қамалғандар тағылған айыпты мойнына алмай отыр.
Дереккөз: 24.kz