Атырау, 28 қаңтар 16:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57

Полиция көлігі мен автобус бір жолға сыймады

3 436 рет қаралды


Әлеуметтік желілерде Атыраудағы жол-патруль полициясы көлігінің қатысуымен орын алған  жол-көлік апатының суреті таралуда.

- Иә, 14 желтоқсанда сағат 10.30-да Әлиев пен Молдағұлова көшелерінің қиылысында осындай апат орын алды, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.-«Шкода-Октавия» маркалы патрульдік автокөлігінде қызмет бабында жүрген екі полиция қызметкері, ал маршруттық емес “ПАЗ” маркалы автобусында тек жүргізуші ғана болған. Оқиғаның мән-жайын анықтағаннан кейін кінәлілер сот алдында жауапқа тартылады.

Қайсағалиеваның айтуынша, көлік апатына қатысушыларға сол жерде медициналық көмек көрсетілген, олар ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Фархат ӘБІЛОВ 

14 желтоқсан 2018, 21:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.