Түркияда жүрдек пойыз апатына қатысты 3 адам ұсталды. Олар «Түркия мемлекеттік теміржол» органының қызметкерлері. Тергеушілер олардың есебінен апатқа себеп болған жайттарды тапқан.
Еске сала кетейік, кеше Анкарадан Конья қаласына қарай шыққан жүйрік пойыз жолда апатқа ұшырап, 9 адам қаза тапты. Тағы 84 жолаушы жарақат алды. Пойыз Маршандиз станциясының маңында локомотивті қағып, екі вагон жолдан шығып кетті.
Тағы қос вагон жүргіншілер көпіріне соғылып, ол опырылып құлады. Апатқа пойыз бағдарын қадағалаушылардың жүргізушіге қате мәлімет беруі себеп болуы мүмкін. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Жалпы, оқиға кезінде пойызда 206 жолаушы болған.
Дереккөз: 24.kz