Атырау, 25 қараша 12:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Арнаулы автобаза» жеке меншік кәсіпорынға айналды

2 932 просмотра


Атырау қаласы әкімдігінің балансында тұрған «Арнаулы автобаза» ЖШС екінші әрекетінен соң жекешелендірілді. Мұнайлы астананың «қоқыс» монополисінің активтері «SAB LTD» ЖШС-ке кейіннен сатып алу мүмкіндігі арқылы сенімгерлік басқаруға берілді.

Жаңа меншік иелеріне берілген мүліктік кешенде жалпы құны шамамен 1 млрд теңге болатын 248 бірлік қоқыс шығару көлігі мен басқа да техникалар бар. Махамбет ауданы Алмалы ауылдық округінің аумағындағы арнаулы автобаза қызмет көрсететін 35 гектар алаңы бар қалалық қоқыс орны да сенімгерлік басқаруға берілді.

Жекешелендіру келесі кезеңдерде жүргізілді: басқарушы компания сенімгерлік басқару кезеңінде бизнеске 250 млн теңге қаржы салуға, жұмыс істеп жатқан персоналды сақтауға, 158 млн теңге көлеміндегі кредиторлық берешекті және 700 млн теңге көлеміндегі салықтық берешекті өтеуге міндеттелді.

«SAB LTD» бюджетке арнайы автобазаның 650 миллион теңге құнын төлеген кезде оның толыққанды иесі болады. Фирма сатып алғаннан кейін он жыл бойына кәсіпорынның қызмет профилін сақтауға міндеттелді.

Ал қалалық әкімдікте хабарлағандай, сатып алушыға қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеу жүйесін дамыту талаптары қойылған жоқ. Бірақ 2019 жылдың қаңтарынан бастап, полигондарда алдын ала өңдеусіз қатты тұрмыстық алдықтарды көмуге тыйым салатын Экологиялық кодекс нормалары күшіне енеді. Пластик, макулатура, сынған әйнектер, металл сынықтары, ағаш, тағам қалдықтары секілді қоқыстарды мамандандырылған компаниялар сұрыптаулары тиіс, ал одан әрі өңдеу үшін ештеңе қалмаған қоқысты ғана көмуі тиіс.

Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға қарай елімізде қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%, ал 2050 жылға қарай - 50% болуы тиіс. Қалдықтарды жекелеп жинаумен толық қамтылатын бірінші қала Астана болмақ. Ол жерде осы жылы қоқыс түрлері үшін түрлі-түсті контейнерлерді орнату аяқталады.

Егер Атырауда рециклинг (қоқысты қайта өңдеу) енгізілсе, онда бұл қоқыс шығару тарифіне әсер етеді. Еуропада бұл жүйе көп уақыттан бері жұмыс істеп келеді, тарифтері жоғары, бірақ олар қалалардың муниципалдық бюджеттері есебінен субсидияланады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 желтоқсан 2018, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.