Атырау, 25 қараша 12:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақылды камера алданбайды

2 483 просмотра


25 қарашадан бастап Атыраудағы бірнеше қиылысында, атап айтқанда, Баймұханов-Амандосов, Құнанбаев-Қожақаев, Махамбет-Бейбарыс қиылыстарында «интеллектуалдық бейнекамералар» жұмыс жасап тұр. Осы уақыт ішінде-ақ олар арқылы 1008 заң бұзушылық тіркелген.

- Бұл камералар бағдаршамның тыйым салынған сигналынан өтіп кету немесе тоқтау сызығынан асу сияқты ереже бұзушылықтарды қадағалайды, - дейді Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Ғарифолла ТАЙШЫБАЕВ. – Ереже бұзу сипаты, көлік нөмірі және айыппұл мөлшері автоматты түрде анықталады. Осы деректер расталғаннан кейін полиция көлік иесінің тұрғылықты жеріне хабарлама жібереді.

- Бірақ қыста жол бетін мұз басып, тоқтау сызығы көрінбеуі мүмкін ғой.

- «Ақылды камералар» орнатылған қиылыстарда тоқтау сызығы мен «Тоқта» жол белгісі біріктірілген, сондықтан мұндай сылтау қабылданбайды.

Тоқтау сызығынан өткені үшін 7215 теңге көлемінде айыппұл тағайындалған.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

14 желтоқсан 2018, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.