Атырау, 29 қараша 03:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Еуроодақ Украинаға көмекті күшейтеді

1 221 просмотра


Еуроодақ Ресейдің басқыншылық әрекетіне байланысты Украинаға қосымша көмек береді. Мұндай мәлімдеме одаққа мүше елдер басшыларының Брюссельдегі саммитінде жасалды. 

Онда Еуроодақ Азов теңізі мен Керчь бұғазындағы жағдайға алаңдаушылығын білдіретіні айтылды. Осы ретте ұйым өзінің көмек бағдарламасының бір бөлігін Украинаның шығысындағы аймақтарға бағыттауды қарастырып отыр. 

Еске сала кетейік, қарашаның 25-і күні ресейлік шекарашылар Керчь бұғазында Украинаның 3 әскери кемесін ұстады. Мәскеудің мәлімдеуінше, олар шекараны бұзған. Бірақ Киев олардың халықаралық құқық негізінде әрекет етіп, еш заңбұзушылыққа бармағанын айтып отыр.

Дереккөз: 24.kz

14 желтоқсан 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.