Желтоқсанның ортасында қазақстандықтар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалады. 16 желтоқсан жексенбіге тура келіп тұр, ал демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.
Осылайша, Тәуелсіздік күнінде қазақстандықтар 15, 16, 17 және 18 желтоқсанда демалады.