Атырау, 25 қараша 13:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Айыппұл да төлейді, жалақысы да кемиді

1 578 просмотра


Атырауда «Автобус» жедел-алдын алу шаралары барысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 411 ереже бұзушылық анықталды. Соның ішінде, 92-сі – қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдалану, 43-і – маневр жасау ережесін бұзу, 26-сы – жолда «форсаж» жасау және т.б. Тағы сұмдық ереже бұзушылық: екі жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылады.

- Сондай-ақ, автобустардың атмосфераға нормативтен тыс шығарындылар тастаған 4 фактісі анықталды, - дейді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Айта кету керек, айыппұлдардан басқа, ереже бұзушылар жалақыларына қоса берілетін үстеме ақысыз қалуы мүмкін. Өйткені, тек заң сақтайтын автобус жүргізушілері ғана 300 мың теңгеге дейін жалақы ала алады деп хабарланған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

12 желтоқсан 2018, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.