Атырау, 10 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Мейрам күндері «Атырау - Қызылорда» қосымша пойызы іске қосылады

2 397 рет қаралды


«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні және Жаңа жыл мерекесі күндері жолаушылардың «Қызылорда-Атырау» бағытындағы №241/242 қосымша жүрдек пойызына билеттер сатып ала алатынын хабарлайды.

Қызылордадан қозғалу күні мен уақыты 2018 жылғы 14, 16, 26, 28 желтоқсанда 11 сағат 44 минутқа, Атырау қаласына келу уақыты - 2018 жылғы 15, 17, 27, 29 желтоқсанда 15 сағат 58 минутқа белгіленген.

Атыраудан кері қозғалу - 15, 17, 27, 29 желтоқсан күні сағат 18:00-де, Қызылордаға келу - 16, 18, 28, 30 желтоқсанда 22 сағат 03 минутта.

«Ұсынылған орын саны - 212. Сондықтан жолаушыларға  билеттерді алдын-ала сатып алған жөн», - деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы »АҚ баспасөз қызметі.

Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА

12 желтоқсан 2018, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.