Атырау, 29 қараша 04:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Страсбургте қанды қырғын салған адамның жеке тұлғасы анықталды

1 560 просмотра


Страсбургтегі Клебера алаңының маңындағы рождестволық базарда болған атыстан қаза тапқандардың саны 3 адамға жетті. Оннан астам адам жараланды. 

Жергілікті билік 12 желтоқсан Страсбургте қаралы күн деп жариялады. Осыған орай шаһарда рождестволық жәрмеңкелер мен мерекелік іс-шаралар кейінге қалдырылды. Франция президенті Эммануэль Макрон Ішкі істер министрлігінің дағдарыс штабының жабық түрде шұғыл кеңесін ұйымдастырды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Страсбургтегі атысқа қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр. 

Естеріңізге салайық, Страсбург қаласында атыс оқиғасы жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 8-де болған. Тәртіп сақшылары қаскөйге оқ атып оны жаралағанмен, күдікті ізін суытып үлгерді. 

Куәгерлердің айтуынша, атыс 10 минуттай жалғасқан. Жергілікті билік тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырады. Біздің осы елдегі тілшіміз Жанат Эрнст оқиға орнында жүр. Ол Страсбургтегі Еуропа парламентінің депутаты Мирослав Митрофановпен телефон арқылы тілдесуге мүмкіндік алды. 

Мирослав Митрофанов, Еуропа парламентінің депутаты: 

- Бүгін біздің фракциямызда шағын шара өтуі тиіс еді. Оған жұмыс уақытынан кейін сағат 9-да Страсбург орталығында кездесуіміз керек болатын. Оқиға сол жерге жақын жерде болды. Тәртіп сақшылары атыс болған аумақты толық қоршағандықтан біз жақындай алмай кері қайттық. Қауіпсіздік шаралары ескеріліп нысандағы адамдар да сыртқа шығарылмады. Еуропалық парламентке апаратын жол да жабылғанын білдік. Лаңкестік рождестволық базарлардың бірінде болды. Ол орынды таңдаудың да тегін емес екенін айта кету керек. Себебі Страсбургте саяхатшылар көп. 

Оқиғаға қатысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Күдіктіні ұстауға 350 арнайы агент жұмылдырылған. Қазір Страсбургке Францияның ішкі істер министрі аттанды. Ресми емес деректер бойынша 29 жастағы Шариф - Страсбург қаласының тұрғыны. Қала орталығындағы мейрамханалардағы адамдардың барлығы эвакуацияланды. Қоғамдық көлік қатынасы да уақытша тоқтады. Полиция жақын маңдағы ғимараттарды тінтіп жатыр. Қаладағы барлық ауруханалар да сақадай сай.

Дереккөз: 24.kz

12 желтоқсан 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.