Атырау, 19 сәуір 03:28
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астрахан жолының құрылысы көктемде басталады

2 427 просмотра


Атырау – Астрахан тас жолының 277 км қазақстандық бөлігінің 60 шақырымы  құрылысы 2019 жылы наурыз айында басталады. Қазір тендер жеңімпазы - «Sine Medas Stroy» түрік компаниясы вахталық ауылдарын салып жатыр.  Бұл туралы брифингте Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жандос БЕКТЕМІРОВ мәлімдеді.

- Қазір мердігер ауданға техникаларын жеткізіп, енді құрылыс материалдарын орналастыратын жер мәселесін шешіп беруді сұрап жатыр, - деді Бектеміров.

АЖ сауалдары:

- Аудандағы ауыларалы және ауылішілік жолдардың жағдайы қалай?  

- 2018 жылы аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын жаңғырту үшін «Жасталап-Жыланды» жолына 650 миллион теңге,  «Котяевка-Шортанбай» жолына 500 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады. Қазіргі таңда Шортанбай ауылішілік жолдары асфальттанды. Құрманғазы ауылының ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту смета бойынша 1 миллиард 233 миллион теңгені құрады. Биылға бөлінген қаражат көлемі 250 миллион теңге.

- Аудан қашан толықтай жылдам интернетпен қамтамасыз етіледі?

- Интернет мәселесі әсіресе шалғай ауылдарда өзекті. Азғыр өңіріндегі 3 округке сымсыз желі орнаттық. Соның өзінде интернет жылдамдығы жетіспей тұр.  Қазір ауылдағылар мал сырғасының нөмірін базаға енгізу үшін аудан орталығына келуге мәжбүр. Қазақтелекомдағылардың айтуынша, бұл ауылдарға интернет тарту жұмыстарын 2020 жылдан кейін ғана қолға алуға мүмкіндік бар.

- Биыл күрделі жөндеуге іліккен Нұржау, Алтынсарин, Манаев мектептерінің жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Қазір оқушылар қайда оқып жатыр?

- Аудандағы 3 мектеп пен 1 мектеп жанындағы жатақхананың күрделі жөндеу жұмыстарын шымкенттік мердігер жеңіп алған болатын.  Анықтағанымыздай, мердігер 4 нысаннан 169 миллион теңге көлемінде қаражат үнем жасаған. Қазір Алтынсарин мектебінің жұмысы баяу жүруіне байланысты сотқа беріп, сот мердігерді жосықсыз деп таныды. Бұл мектеп 5 қазанда тапсырылуы керек еді. Қазір құрылыс аяқталмаса да, барлық мектеп оқушылары өз ғимараттарында оқып жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

12 желтоқсан 2018, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.