Атырау, 18 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Гүлнара Кәрімова Өзбекстанда болып жатқан өзгерістерді қолдайды

2 467 рет қаралды


Гүлнара Кәрімованың ұлы Ислам Кәрімов. Гүлнара Кәрімова Өзбекстанда болып жатқан өзгерістерді қолдайды. Өзбекстан "экс-ханшайымы" Гүлнара Кәрімованың ұлы Ислам Кәрімов анасына қатысты мәлімдеме жасады. 

Ол өзінің «Instagram» парақшасына: «Өзбекстанның жаңа үкіметі елде жаңа жобаларды іске асыру жұмыстарын бастауда. Сол себепті менің анам (Гүлнара Кәрімова – ред) елде болып жатқан өзгерістерді қаржылай және физикалық тұрғыда қолдауды жөн санап отыр» - деп жазды. 

2017 жылдың 28 шілде күні Өзбекстан Бас прокуратурасы «Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық іс қозғалғандығы» жөнінде мәлімдеген. Кейіннен "экс-ханшайымды" 2015 жылдың тамыз айында Ташкент қалалық соты 5 жылға бас бостандығынан айырғандығы белгілі болған. 2018 жылдың қараша айының 3-і күні Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың Өзбекстан түрмелерінің бірінде жазасын өтеп жатқандығын мәлімдеген. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

11 желтоқсан 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.