Атырау, 29 қараша 05:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ЕО: Лондонның Brexit келісімін мақұлдауына көмектесуге дайынбыз

1 159 просмотра


Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск 13-14 желтоқсан күндері Еуропа Одағының саммиті өтетінін жариялады. Әуелде саммиттің күн тәртібінде Brexit келісімі туралы мәселе болмаған. Бірақ Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Лондонның ЕО-дан шығуы жөніндегі келісімді дауысқа салуды кейінге шегергендіктен саммиттің күн тәртібі өзгерді.

Дональд Туск саммитте Лондон мен Брюссель арасындағы келісім талқыланбайтынын, оған уақыт жоғын мәлімдеді. Бірақ ол ЕО басшылығы келісімді мақұлдау процесін жеңілдетуге көмектесуге дайын екенін айтты.

Ұлыбритания парламентінде Brexit туралы келісім жобасы 11 желтоқсанда дауысқа салынады деп жоспарланған еді. 10 желтоқсан күні парламентте сөйлеген Мэй дауыс беруді кейінге қалдыруға шешім қабылдағанын жариялады, бірақ нақты уақытын айтпады.

Дереккөз: azattyq.org

11 желтоқсан 2018, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.