Instagram әлеуметтік желісіндегі Direct арқылы дыбыстық хабарламаларды жіберуге болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Verge-қа сілтеме жасап.
Енді Instagram-ды пайдаланушылар бір-біріне дыбыстық хабарламалар жіберу арқылы сөйлесе алады. Хабарламалардың ұзақтығы бір минуттан аспайды. Жаңарту iOS және Android пайдаланушылары үшін қолжетімді болды.
«Дыбыстық хабарламаны жіберу үшін Direct-тағы микрофон белгішесіне басып тұрып, хабарламаны жазып алу керек» деп жазады The Verge. Дыбыстық жолдау белгішені жіберіп қалғанда автоматты түрде жіберіледі.
Егер пайдаланушы жазып алынған дыбыстық хабарламаны жіберуге сенімсіз болса, оны экранның сол жағындағы төменгі бұрышында орналасқан «кәрзеңкеге» жібере алады.
Дереккөз: inform.kz