Атырауда жүргіншілер «Арын» сауда орталығының жылу жүйесі құбырларының жанынан зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның денесін тауып алды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Марқұмның жеке басы анықталды, күдікті Атыраудың 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Ажалына пышақ жарақаты себеп болған. Оқиға орнынан арақтың бос бөтелкесі табылды. Сол күні полицейлер күдіктіні – 36 жастағы Атырау тұрғынын ұстады.
Фархат ӘБІЛОВ