Атырау, 24 сәуір 17:13
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Колумбияда баскетболшылар автобусы апатқа ұшырап, 13 адам мерт болды

1 803 просмотра


Колумбияның батысында болған жантүршігерлік жол апатынан 13 адам қайтыс болып, 20 адам зардап шеккен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға жексенбі күні таңертең Колумбияның батысындағы Валье-дель-Каука департаментінің Йотоко муниципалитетінде болған. Әуесқой баскетбол командасының ойыншылары мінген автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. 9 адам оқиға орнында қаза тапқан. 

Тағы 4 адам ауруханада жан тапсырып, 20 жолаушы жарақат алған. Өңір басшылығы оқиға себептерін тексеріп жатыр. Жол апатына себеп болған жағдайлардың бірі ретінде тежегіштің істен шыққаны айтылып жатыр.

Дереккөз: inform.kz

10 желтоқсан 2018, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.