Атырау, 29 қараша 04:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Литва ресейлік азаматтарға санкция енгізді

1 160 просмотра


Литва Керштегі жағдайға қатысы бар бірнеше ресейлік азаматтарға санкция енгізді. BNS ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Литваның миграция департаментінің шешімі бойынша қатаң қаулыға Керчь бұғазындағы жағдайға тікелей жауапты 20 ресейлік іліккен. 

Литва Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Киев текетіресінде Ресейдің халықаралық құқық ережелерін қадағаламай, Украинаның аумақтық тәуелсіздігіне нұқсан келтіруі өзге де мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін дейді. Естеріңізге салайық, 25 қарашада украиналық үш әскери кеме Одессадан Мариупольге қарай бағыт алған. 

Алайда, Керш бұғазынан басып өтуге рұқсат бермеген Ресей әскерилері бірден оқ жаудырған. Осы жағдайдан кейін Украинаның Жоғарғы Радасы «Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және әріптестік жөніндегі келісімді тоқтату жөніндегі» заң жобасын мақұлдады. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

10 желтоқсан 2018, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.