Йемендегі гуманитарлық дағдарысқа қарамастан 2018 жылдың соңында осы елге табан тіреген заңсыз мигранттардың саны 150 мыңға жетпек.
Миграция бойынша халықаралық ұйым осындай болжам жасап отыр. Айтуыларынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық. Белгілі болғандай, келімсектердің 92 проценті Эфиопиядан шыққандар, ал қалған 8 пайызы Сомалиден бас сауғалап келгендер.
Бүгінде Йемен ең ауқымды гуманитарлық дағдарысты бастан кешіп отыр. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, елде ауызсу мен азық-түлік тапшылығынан әр 10 минутта бір бала өмірден озады екен. Елде 2014 жылы басталған қарулы қақтығыстан күні бүгінге дейін 10 мыңнан астам бейбіт тұрғын мерт болды.
Дереккөз: 24.kz