Атырау, 18 қыркүйек 22:00
 дождьВ Атырау +22.8
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

​АҚШ Еуроодақтан Иранға қарсы санкция салуды сұрады

1 940 рет қаралды


АҚШ Еуропалық одақтан Ираннның зымыран сынағын өткізуіне байланысты санкция салуды сұрады. Вашингтонның мәлімдеуінше, бұл зымырандар қорғаныс емес шабуылдауға арналған. 

«Ал ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы», – дейді Америка тарапы. 

Тегеранның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуіне Франция да алаңдаушылық білдірді. Алайда Иран бұл айыптарды жоққа шығарып, сынақты жүзеге асыра беретінін жеткізді. Брайан Хук, АҚШ-тың Иран жөніндегі арнайы өкілі: - Бізге өзге елдерді Иранға қарсы санкция салуға шақыру оңай емес. 

Себебі, олар Иранмен ядролық келісімді орындай беруге ерікті. Бірақ бұл құжат Тегераннан төнген өзге қауіптерге жауап бермейді.

Дереккөз: 24.kz

5 желтоқсан 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.