Атырау, 29 қараша 05:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Франция жанар-жағармай салығын өсіруге мораторий жариялауы мүмкін

1 583 просмотра


Францияда жанар-жағармай салығын өсіруге қатысты мораторий жариялануы мүмкін. Елдің Үкімет басшысы «сары жейделілердің» наразылығын басу үшін осындай шешім қабылдауы ықтимал. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, наразылық шарасы кезінде соңғы үш күнде 1 мың 300-ден астам адам зардап шекті. 39-ның жағдайы мүшкіл. Қазір Франция билігі жаппай тәртіпсіздік кезінде келген шығындарды есептеп жатыр. 

Наразылық білдірушілер Париждің Триумфалды аркасын зақымдап, Елисей алқабында кедергілер қойып тастаған. Сондай-ақ көліктерді өртеп, қала маңындағы бірнеше дүкенді тонады. Алдын ала болжам бойынша манифестанттар 3 миллион еуродан астам шығын келтірген. 

Осылайша, сары жейделілер көліктің жанар-жағар май салығын өсіруге қарсылық білдіріп, төменгі еңбек ақы мөлшерін арттыруды талап етуде. Істің насырға шапқанын көрген, Франция басшысы Эммануэль Макрон үкіметте шұғыл жиын өткізді. Нәтижесінде алдағы күндері наразы халықтың ашуын басу мақсатында бірқатар шешімдер қабылдануы мүмкін.

Дереккөз: 24.kz

5 желтоқсан 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.