Атырау облысы аумағында полиция ұйымдастырған «STOP-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында сауна мен қонақ үйлерде жезөкшелік қызмет көрсетуге байланысты үш факті анықталды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаладағы сауналардың бірінің әкімшісі клиенттерге тұрақты түрде «қызмет көрсету» үшін қыздар шақырып отырған. Ол жезөкшеден 3 мың теңге ақша алу кезінде ұсталды.
Ал қаладағы қонақ үйлердің бірінде «жеңгетайлықпен» күзетшілер айналысқан.
Іс-шара барысында ұсталған Шымкент облысынан келген 18 жастағы қыз өзін ұрып-соғып, жезөкшелікке мүжбүрлеп жүрген атыраулық азаматшаны жауапқа тартуды өтінді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 308 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бейнежазбаны Полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынды