Франция президенті Эммануэль Макрон елдегі орын алған тынышсыздыққа қатысты үкіметтің шұғыл отырысын өткізді. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жақын арада билік пен шерушілер мәмілеге келмек.
Бұған дейін ел президенті наразы топпен ортақ келісімге келмеймін деп бекініп отырған еді. Десе де, Үкімет басшылары жанармай бағасы қайтсе де арзандамайды дейді.
Естеріңізге салайық, Францияда жанармай акцизін көтеруге қарсылық акциялары бірнеше апта бойы жалғасып жатыр. Шерулердің соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан. Жиналған жұртты тарату үшін полиция көз жасаурататын газ бен суатқыштарды қолданған.
Салдарынан жүздеген адам жарақат алды. 400-ден астам адам қамауға алынды.
Дереккөз: 24.kz