Францияның «Лиона» командасы мен Норвегия құрамасының ойыншысы Ада Хегерберг әйелдер арасындағы алғашқы «Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Хегерберг Парижде Ballon d'Or табыстау кезінде - France Football журналының тұжырымы бойынша үздік футболшыға «Алтын допты» табыстау кезінде осы марапатқа ие болды. Биыл Хегерберг Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды және командасымен бірге Франция чемпионатында жеңіске жетті.
Еске салайық, ерлер арасында «Алтын допты» испаниялық «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы және Хорватия құрамасының ойыншысы Лука Модрич иеленген еді.
Дереккөз: inform.kz