Атырау, 29 қараша 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Конгода Эбола дерті қайтадан өршіді

Бейнежазба
1 544 просмотра


Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті қайта өршіді. Бұл туралы халықаралық құтқару комитеті хабарлайды.  

Ұйым мәліметіне сәйкес елде дертті жұқтырғандардың саны 420 адамнан асып отыр. Билік пен үкіметтік емес ұйымдар науқастарға барынша көмек беруде. Алайда қарулы қақтығыс өрбіп тұрған аймақтарға дәрігерлердің жетуі қиындап тұр. Естеріңізге салайық, қауіпті індет алғаш рет Батыс Африка елдерінде 2015 жылы тіркелген еді.


Аурудан Либерия, Гвинея мен Сьерра-Леоне елдері ең көп зардап шеккен. Сол кезде 30 мыңға жуық адам дертке шалдығып, олардың он мыңы Эболадан көз жұмды.

Дереккөз: 24.kz

30 қараша 2018, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.