Атырау, 29 қараша 05:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Түркияның Бодрум қаласын топан су басты

1 912 просмотра


Түркияның Бодрум курорттық қаласында бірнеше күн жауған жауын тасқынға ұласты. Қаланың бірнеше көшелері су астында қалды.  Табиғаттың тосын мінезінен жергілікті тұрғын жапа шекті.

Халық асығыста үйлерін тастауға мәжбүр. Қазір аймақта жауын мен қатты жел тұр. Эгей теңізінің жағалауында бұршақ жауған. Көше жолдарында көлік қатынасы тежелді. Кей жерлерде иірімдер көліктерді тартып алған. Жергілікті билік тұрғындарды  алыс жолға шықпауға шақырады. 

Тасқын жүрген кей өңірлерде судың тереңдігі бір метрден асады. Құтқарушылар Мугла провинциясынан адамдарды қайықпен эвакуациялауға кірісті. Әзірге тасқыннан жарақат алғандардың бар жоғы белгісіз. Жергілікті тұрғын: - Бәрін су шайып кетті. Өзіміздің аман қалғанымызға шүкір деп отырмыз. Мейрамханамыздың жағдайын қараңыздаршы. Айтарға сөз жоқ. Өте қиын жағдайға тап болдық.

Дереккөз: 24.kz

30 қараша 2018, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.