Атырау, 29 қараша 05:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​АҚШ сауда қатынасын реттеуге мүмкіндік барын айтты

1 815 просмотра


АҚШ Аргентинада өтетін «үлкен жиырмалық» саммитінде Қытаймен сауда келісіміне қол қоя алады. Бірақ екі ел басшысының кездесуі нәтижесіз аяқталса, аспан асты еліне көлемі 267 миллиард доллар салық салмақ. Бұл туралы АҚШ президентінің экономика бойынша бас кеңесшісі Лоуренс Кадлоу мәлімдеді. 

Бейжің де келіссөзге дайын екенін жеткізді. Еске сала кетейік, екі мемлекет арасындағы сауда соғысы наурыз айында АҚШ-тың Қытайдан импортталатын болат пен алюминийге кеден салығын енгізген соң басталды. Себебі президент Трамп Қытай екіжақты сауда қатынасында құйтырқы бәсекелестікке жол беріп отыр деп санайды. 

Ларри Кадлоу, АҚШ Президентінің экономика жөніндегі бас кеңесшісі: 

– Президент Трамп Қытай сауда қатынасы бойынша жаңа ұсыныстар жасап, ынтымақтасуға дайындығын білдірсе келісімге қол қоюға болатынын айтты. Тәртіптер тасқа жазылған қағида емес. Бірақ талаптар орындалмаса, біз саясатымызды жалғастыра береміз.

Дереккөз: 24.kz

29 қараша 2018, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.