Атырау, 29 қараша 05:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ресейде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салынады

1 920 просмотра


Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы заңға қол қойды. Заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәскеуде, Мәскеу және калуга облыстары мен Тататрстанда 10 жыл тәжірибе ретінде қолданысқа енеді.

Заң бойынша, жеке тұлғаларға қызмет жасайтын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға төрт пайыздық салық, ал заңды тұлғаларға қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтынғандарға алты пайыз көлемінде салық салынады.

Аймақтар жаңа салық режиміне өту-өтпеуді өздері шешеді. Тәжірибе жылдық табысы екі миллион төрт жүз мың рубльден аспайтын адамдарға қолданылады. Жаңа салықты адвокаттар, нотариустар, төрелік сот басқарушылары және акциз салынатын тауар сататындар төлемейді. Олардың қызметін басқа заң реттейді.

Ресейде шамамен 20 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, яғни, әртүрлі қызмет көрсетіп табыс табатын, бірақ салық төлемейтін азаматтар есебінде тұр.

Дереккөз: azattyq.org

28 қараша 2018, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.