Атырау, 22 мамыр 01:25
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

4 трлн теңгеге жуық қарызы бар қазақстандықтар шетелге шыға алмай қалған

2 109 просмотра

Әділет министрлігінің сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің мәліметіне сәйкес, осы жылдың 10 айында жалпы қарыз көлемі 3,8 трлн теңгені құрайтын 200 457 адам шетелге шыға алмаған. Өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есе қысқарған. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, сот орындаушылары 449 млрд теңге қарызын өтемеген 56 мың қазақстандықтың шет ел асуына жол бермеген. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 1,7 есе артып отыр.

Сол сияқты, 97 азамат 517 млн теңге көлемінде ипотекалық мекемелер алдындағы қаржылық міндеттемесінің өтелмеуіне байланысты елден кете алмаған. Салыстыру үшін, 2017 жылы мұндай 103 борышкер тіркелген.

Қарызы бар азаматтар тізімінде алимент төлемей келген 8,9 мың адам да болған. Олардың жалпы қарызы 52,3 млн теңге. 2017 жылдың сәйкес кезеңінде алименттен «қашқандар» саны 10,7 мың адам болған.

Айта кету керек, 2,6 мың қазақстандық құзырлы органның қаулысы бойынша 1,7 млрд теңге айыппұлды төлемей келген. Дәл осындай қарызы үшін өткен жылы 1,2 мың адам шетелге шыға алмаған.

Сондай-ақ, ағымдағы кезеңде 1,5 мыңға жуық қазақстандық сот қаулысымен өндіріп алу тағайындалған 1,7 млрд теңге айыппұл үшін шетелге шығуы шектелген.

Дереккөз: Baq.kz

23 қараша 2018, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.