Атырау, 21 мамыр 17:31
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

​Нарықтағы дәрінің 35% Қазақстанда шығарылған

1 303 просмотра


Қазақстан нарығындағы дәрі-дәрмектің 35 пайызы отандық өндірушілерге тиесілі. Бұл туралы «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 8 жыл бұрын бұл көрсеткіш тек 15-ақ пайызды құраған. Ал қазір ел кәсіпкерлері препараттарын әлемнің 10 еліне экспорттап отыр. Алдағы уақытта отандық дәрілер Вьетнамға да сатылатын болады.

Айта кетейік, тек былтыр ғана қазақстандық өндірушілер 100 жаңа препаратты қолданысқа енгізді. 

Руслан Сұлтанов, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті: 

- Отандық дәрі-дәрмектердің тізімін ұлғайту керек. Біздің кәсіпкерлер жаңа технологияларды енгізіп, Қазақстан мен шет мемлекеттерде сұранысы жоғары препараттарды өндіріп жатыр. Олардың сапасы жоғары, халықаралық стандарттарға сай келеді. Ал бағасы шетелдік баламаларға қарағанда әлдеқайда арзан. 2023 жылға дейін елімізде сатылатын дәрілердің 80 пайызы отандық өндіруішлерге тиесілі болады деген жоспарымыз бар.

Дереккөз: 24.kz

23 қараша 2018, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.